Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсШахматтан Өзбекстанның Самарқан қаласында 46-шы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.
Биыл Сармарқандағы додаға 400 команда қатысады. Оның ішінде Open (ашық) санатында 208 команда және әйелдер арасында 192 команда жүлдеге таласады.
Әйелдер санатында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет, Зарина Нұрғалиева ел намысын қорғайды. Қыздарымыз әлемдік рейтингте 4-орында тұр.
Ал ерлер сайысында Денис Махнёв, Алдияр Аңсат, Жандос Ағманов, Даниял Сапенов, Сауат Нұрғалиев қатысады.
Бұған дейінгі нәтиже қандай?
Айта кетерлігі, 2024 жылы Мажарстанда өткен шахмат Олимпиадасында аруларымыз күміс жүлде алды. 10-23 қыркүйек күндері аралығында Мажарстан астанасы Будапештте өткен Олимпиадада қыздар тарихты қайта жазды. Үндістаннан кейінгі екінші орынды алды, ал АҚШ құрамасы үшінші орынға жайғасты.
Аталған жарыста әйелдер арасында 180 мемлекеттен 907 қатысушы, оның ішінде 71 гроссмейстер және 163 халықаралық шебер бақ сынады. Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасы 2 жылда бір өтеді. 2022 жылы Үндістанның Ченнай қаласы қабылдаған. Сол кезде Қазақстан әйелдер командасы (Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаева, Ксения Балабаева, Назерке Нұрғали) 352 ұпаймен үздік бестікті түйіндеді. Жансая Әбдімәлік 1-тақта бойынша қола жүлдегер атанған.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды