12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікГүлмира Дәулетова Қазақстан шахмат федерациясының жаңа атқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Гүлмира Дәулетова әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер атағы бар, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының қола жүлдегері. Оның жетістіктерінің қоржынында Азия чемпионатындағы алтын медаль бар.
Осы жылдар ішінде Қазақстан шахмат федерациясында турнир директоры және атқарушы директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
Гүлмира спорттық мансабында шахматты дамыту саласында көптеген мемлекеттік және халықаралық ФИДЕ (Халықаралық шахмат федерациясы) марапаттарымен марапатталған, Азия шахмат федерациясының әйелдер комиссиясының төрағасы.
Гүлмира бүгінде мектепте оқитын 2-4 сыныптарға арналған «Шахмат» әдістемелік құралдың авторы, мұғалімдер мен балаларды оқытуға арналған онлайн платформа курсының әзірлеушісі.
Сонымен қатар Әл-Фараби университетінде «халықаралық қатынастар» мамандығының магистрі.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер