6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШағын футболдан Қазақстан құрамасы Біріккен Араб әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлем чемпионатына әуесқой спортшылар қатыса алады.
Ширек финалда қазақстандықтар Чехиямен шеберлік байқасты. Ойынның 6-минутында ел құрамасынан Александр Кислицын есеп ашса, одан кейін чехиялықтар қатарынан үш гол соғып кетті.
Екінші кезеңнің соңына таман қазақстандықтар қатарынан Бактияр Жушнов (40-минут) және Асланбек Аршкенов (41-минут) мергендік танытып, таразы басы теңесті.
Ойынның негізгі кезеңі мен овертайм 3:3 есебімен тең аяқталды. Ал пенальти тебуде қазақстандықтар (3:2) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ел құрамасы А тобында сынға түсті. Бұл кезеңде Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, Біріккен Араб әмірлігін 2:1 есебімен жеңді.
Одан кейін жарыс сатысында Мексика, Чехияны қапы қалдырды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі