29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағасы қызметін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл ақпаратты партияның баспасөз қызметі растады. Берденов 2025 жылдың ақпанында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 10-бабы 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өз қызметін атқару кезінде бейтараптықты сақтап, саяси партиялармен, қоғамдық және діни ұйымдардың жұмысына араласпауы тиіс. Қазіргі таңда Руслан Берденов партия құрамында басшылық қызмет атқармайды, дегенмен қатардағы мүше ретінде қала береді, – делінген партия мәлімдемесінде.
Бұған дейін қала әкімдігі 2025 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша Берденовтің әкім орынбасары лауазымында екенін және қазіргі таңда еңбек демалысында жүргенін хабарлаған еді.
Аталған жағдайға орай ешқандай кадрлық немесе әкімшілік шешімдер қабылданған жоқ, – деп нақтылады Шымкент қаласы әкімдігі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек