23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖиында аймақ басшысы өңірде атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етіп, тұрғындар сауалына жауап беріп, ұсыныстарды тыңдады.
Жылыойлықтар әлеуметтік мәселелерден бөлек, экология, жастарды қолдау, тұрғындар үшін мәдени-рухани шараларды жиі ұйымдастыру және т.б мәселелерді көтерді. Әсіресе азаматтар ауданда орналасқан «Теңізшевройл» ЖШС-нің мердігер мекемелеріне қатысты сұрақтарды қозғады.
Аймақ басшысы жақында өңірімізге келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жұмыс сапары аясында «Теңізшевройл» ЖШС-нің мердігерлік ұйымдарында жұмыстан босатылғандарды жұмыспен қамту мәселесі төңірегінде орындалатын жоспарлар туралы хабардар етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың табысын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген. Сол себепті ТШО мен оның мердігер компанияларынан жоспарлы түрде босатылған азаматарды жаңа жұмыспен қамту бағытында жоспарларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы мақсатта жауапты министрлік, ТШО компаниясы мен әкімдік нақты іс-шаралар жоспарына меморандумға қол қойды. Осыған сәйкес, жұмыстан босаған азаматтарды жұмыспен қамту, оларды қайта оқыту курстарынан өткізу және т.б бойынша мәселелерді жүзеге асыру бойынша жоспарлар бар- деді С. Шәпкенов.
Бұдан бөлек Серік Шәпкенов 30-ға жуық тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Жылой ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады