23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
ШҚО тұрғыны иттің үйшігінде есірткі сақтаған, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тамыз айының ортасында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО ПД КҚО және ҚР ҰҰ арнайы бөлімшесімен бірлесіп «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында гараж кооперативінде 46 жастағы Өскемен тұрғынын ұстады.
Серікбаев көшесіндегі жеке үйді тінту кезінде қораның ішінде итке арналған ағаш үйшіктен жасыл түсті өсімдік заты бар екі полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді.
Жүргізілген сараптамаға сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 36,97 грамм кептірілген марихуана есірткісі болып шықты. Ер адам есірткіні одан әрі сату мақсатында сақтағаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік