13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
ШҚО құтқарушылары суға шомылу маусымын қорытындылады, деп хабарлайды El.kz.Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Облыста 1 қыркүйектен бастап шомылу маусымы ресми түрде аяқталды. Құтқарушылар қорытынды жасады. Жазғы кезеңде ШҚО ТЖД қызметкерлері 14 адамды, оның ішінде 2 баланы судан құтқарған. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен, полициямен, волонтерлік ұйымдармен бірлесіп күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізді. барлығы 2340 рейд жүргізіліп, 304 – ескерту және тыйым салу белгілері, 130 – көрнекі стендтер орнатылды. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдеу үшін Самар ауданында, Күршім ауылында және Көгілдір бұғаз кентіндегі Бұқтырма су қоймасында мобильді бекеттер жұмыс істеді. Сондай-ақ, Өскемен қаласының аумағына қызмет көрсететін жылжымалы бекеттер қойылды.
ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбековтың мәліметінше, жаз мезгілінде су айдындарында 7 азамат суға батып кеткен. Статистика көрсетіп отырғандай, оқиғалар көп жағдайда адамның өз кінәсінен, шамадан тыс өзіне деген сенімділіктің, өз күштерін асыра бағалаудың, судағы жүріс-тұрыс ережелерін ескермеудің, тыйым салынған және таныс емес жерлерде шомылудың, алкогольдік масаң күйде болудың нәтижесінде орын алған. Суға батқандардың барлығы 18-46 жас аралығындағы ер адамдар болды. Оқиғалар негізінен демалыс күндері тіркелген. Ең көп жағдай, 7 жағдайдың 2-і Ұлан ауданындағы көлдерде болды.
Шомылу маусымы басталғаннан бері адамдардың көпшілік демалатын орындарында 189 бұзушылық анықталды: 364-бап «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 80 адам, 440-бап «Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде болу» бойынша 75 азамат жауаптылыққа тартылды. 412-бап «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау» бойынша 1 адам және 582-бап «Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ құқығы жоқ адамдарды басқару» бойынша 33 адам жауапкершілікке тартылды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды