6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖалдамалы тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуцникациялық инфрақұрылым жүргізу мақсатында ҚР Ұлттық қорынан 6,5 млрд теңге бөлінген болатын. 2015 жылы жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы мен оны алуға «ҚИК» АҚ-да 4,5 млрд теңге қарастырылған. Осы қаржыға Өскемен және Семей қаласы, сондай-ақ Ұлан ауданында 611 пәтерлі 6 үй пайдалануға беріледі.
Бағдарлама аясына Семей қаласында 120 пәтерлі үйге баспанаға ие болғандар көшіріле бастады. Ағымдағы жылы тағы да 126 пәтерлі 2 үйдің құрылысы аяқталмақ.
Ал облыс орталығы Өскеменде осы жылдың шілде айында 225 пәтерлі үйдің құрылысы басталады. Жоспарға сәйкес, тұрғын үй 2016 жылы пайдалануға берілмек. Ұлан ауданының орталығы – Қасым Қайсенов кентінде 140 пәтерлі 2 үйдің құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан өңірлерге инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін Ұлттық қордан аймақ бюджетіне 2 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 14 жоба жүзеге асырылатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ салған көпқабатты үйлер ең алдымен коммуналдық-тұрғын үйге кезекке тұрғандарға беріледі. Айта кетерлігі, барлық қаржы көздері есебінен Шығыс Қазақстанда 5 860 пәтерлі 70 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі