Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұржан Өміржанов Шығыс Қазақстан облысы аумағында 653 білім нысаны бар екенін баяндады.
ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері ағымдағы жылы тәуекел дәрежесін бағалауға сәйкес ақпан-мамыр айлары кезеңінде өрт қауіпсіздігі қағидалары талаптарының сақталуына тексеру жүргізді. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 420 білім беру объектісі ерекше тәртіппен тексерілді, нәтижесі бойынша 99 % (417 объект) өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдаланылып жатқаны, онда 2000 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 392 лауазымды және заңды тұлға тартылды, оның ішінде 320 ескерту түрінде және 82 айыппұл, бірінші басшыларға оларды жою туралы ұйғарымдар берілді.
ШҚО ТЖД инспекторлары профилактика шеңберінде 4541 мектеп пен балабақша қызметкерлерін қамтумен 179 нұсқама, педагогтар мен балаларды эвакуациялауды пысықтаумен 98 бірлескен оқу өткізді. 10 415 оқушыны қамти отырып, 62 интерактивті сабақ ұйымдастырылды.
Нұржан Өміржанов бірінші қыркүйекке қарай білім беру нысандарының басшылары оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды қарастыруы қажет екеніне назар аударды:
- түтін жою жүйесін, өртті анықтау және сөндірудің автоматты қондырғыларын, өрт кезінде адамдарды хабардар ету және эвакуациялауды дұрыс жағдайда басқару.
- эвакуациялау жолдарын түрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыспен және басқа да заттармен үйіп тастамауға;
- эвакуациялық шығу есіктерін қағуға болмайды;
- алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы тиіс;
- қызметкерлерді өрт шыққан жағдайдағы іс-қимылдарға үйрету;
- өртке қарсы сумен жабдықтаудың табиғи және жасанды көздері, оларға кіреберістерді тиісті жағдайда ұстау.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова