12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШығыс-Қазақстан облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназияның 55 жылдық мерейтойына қатысып, құттықтап қайтты.
Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде білім ордасы интеллектуалды, мәдениетті, шығармашыл шәкірттерді тәрбиелеп шығарды. Сан ұрпақты тұлға ретінде қалыптастырып, өмір атты теңізге нық сеніммен жолдама берді.
Мерейтойды мектеп ұжымы кең көлемде атап өтті. Қуанышты бөлісуге түлектер, ардагер ұстаздар, түрлі мекеме өкілдері келді. Мектеп оқушыларының қатысуымен мерекелік концерт өтті.
«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» аталған мектепті құттықтап келуі бекерден емес. Себебі, екі мекеме арасында тығыз, әрі достық қарым-қатынас орнатылған.
Инновациялық технологиялар мен жаңашылдыққа әуес мектеп қабырғасында осында 12 жыл бұрын алғаш рет балалардың Шағын Қазақстан халқы Ассамблеясы ашылып, бірнеше жыл жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келеді. Жас ұрпақ бойына ұлттар арасындағы толеранттылық пен ынтымақтастықты дәріптеу Шығыс Қазақстан жеріндегі тұрақтылықтың кепілі екені сөзсіз, дейді мерекелік шараны ұйымдастырушылар.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер