23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында әнші, композитор, музыкант Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған фотокөрмесі өтеді. Шара «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Көрмеде Батырдың жүзге жуық суреті мен жеке заттары қойылады. Суреттің көпшілігінің авторы – белгілі фотограф Николай Постников. Ол Батырхан Шүкеновпен ұзақ жылдар бойы шығармашылық байланыс жасаған. Ал, шараның дизайнын ойластыруды белгілі отандық дизайнер Нұрлан Төреханов өз мойнына алыпты.
Естеріңізде болса, былтыр 8 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында «Батыр LIVES» концерті өткен болатын. Сондай-ақ, әнші өмірден озған соң, оның «Аманат» атты жаңа үнтабағы жарық көрді. Оған қазақ тіліндегі 10 ән кірді.
Жансая ТӨЛЕГЕН
Сурет әлеуметтік желіден алынды
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады