22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы шетел азаматтарын қабылдайтын күшейтілген үш Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайының өзгергені туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін, шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты, Мемлекеттік корпорация, оларды арнайы күшейтілген орталықтарда қабылдау туралы шешім қабылдаған болатын.
Шетел азаматтарының жаппай келу легін ескере отырып, ХҚКО-лардағы кезекті азайту мақсатында Астана, Ақтөбе және Орал қалаларында шетелдіктерді қабылдайтын пунктілердің мекенжайын өзгерту туралы шешім қабылданды. Енді, шетелден келген қызмет алушылар «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметі бойынша төменгі мекенжайларға жүгінуіне болады:
· Астана қ., Республика даңғылы, 34;
· Ақтөбе қ., Тәтеұлы к-сі, 5;
· Орал қ., Жәңгір хан к-сі, 160/4.
ЖСН алу үшін шетелдіктерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі. Ал көрсетілетін қызметті алушының ресми өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және өтініші қажет болады.
Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні. Қазақстанда ЖСН алу барлығына тегін екенін еске саламыз.
Қалған ХҚО-лар штаттық режимде дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-ларда сенбі күндері 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Келушілер «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электронды үкімет порталы және «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚО-ға кезекке тұру үшін алдын ала кезекті брондай алады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев