23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Әлемге әйгілі Сеул қаласында қазақтың киіз үйлері қала орталығында орнатылып, шаһар тұрғындарының назарына ұсынылды, деп хабарлайды El.kz
Азиялық фестиваль аясында көрермендер қазақтың киіз үйін, салт-дәстүрін тамашалап, Алатау бөктерінің інжу-маржанына айналған "Шымбұлақ" тау-шаңғысына виртуалды саяхат жасады.
Йоуидо саябағында қазақтың бойы екі метрлік батыр жігіттері Корея тұрғындарын таң қалдырды.
Сондай-ақ, Ұлттық аспаптардың сырлы әрі сиқырлы үні ойнап, қонақтарға ұлттық тағамдарымыз ұсынылды.
Шетелдегі қазақ ауылында көрермендер Ұлы даланың тұмса табиғаты, саф ауасы жайлы фото-бейнероликтерін тамашалап, корей театры мен 1937 жылғы депортацияға арналған стендерді де көре алды.
Айта кетейік, биылғы жылды Астана мен Сеул өзара мәдениет жылы деп жарияланған еді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік