18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы өмірден өткен 16 жастағы ұлы Әлиханның гитарасын көрсетіп, естелігін бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлихан батырдың гитарасы ғой. Өзінің түзеп кеткен құлақкүйімен тұр. "Ішектері жетімсіреп ызыңдамасын" деп анда-санда бір қолға алып қоямын. Басымда балапанымның осы гитарасын тартқанда киіп отыратын тақиясы. Олимпиадаға дайындықтан шаршағанда осы диванда отырып біраз мелодиялардың басын қайыратын, - деп жазды ол.
Серікзат Дүйсенғазы Роза Әлқожаның әнін орындап берді.
Роза Әлқожа қарындасым студент кезінде шығарған осы әнін алғаш Студенттер сарайында маған әкеліп тыңдатып еді. "Сөзін жазып көресіз бе?" деп қолқа да салған. Гүлнәр Салықбай апайдың өлеңіне дәл келіп тұрған соң сол күйінде қалдырғаның дұрыс деп едік. Бүгін сол ән есіме түсіп кетіп тыңқылдатып отырғаным ғой. Үнемі тартып жүрмеген соң қол да қатып қалады екен. Артық-кемі болса кешіріммен қарарсыздар, - деп жазды ақын.
Айта кетейік, бұған дейін ақын Серікзат Дүйсенғазы Instagram парақшасында ұлы мерт болған жерді көрсетіп, көшпелі сот отырысы өтетінін айтқан еді.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр