22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды7 маусымда вице-премьер Серік Жұманғарин «Родина "Агрофирма" ЖШС-де және Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Родина ауылында болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
«Қалаға бергісіз ауыл» тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыруымен әйгілі «Родина» агрофирмасы бірегей экожүйесі қалыптасқан кәсіпорын. Мұнда сүт өнімдерін өндірудің толық циклі жолға қойылған, бұл күніне 80-90 тонна өнім береді. Жаңа табиғи сүт жыл бойы қол жетімді. Екі мыңға жуық адам тұратын ауылда қаладағы инфрақұрылымның барлығы бар: жайлы үйлер, кең көшелер, демалыс саябағы, қос баға белгілері бар супермаркет (ауылдағы қызметкерлер мен келушілер үшін), сұлулық салоны, мейрамхана, шағын дәмхана, фитнес, жел генераторлары және т.б. Балабақшадағы балалар мен мектеп оқушылары тегін тамақтанады. Сүт зауытының жұмысшыларының орташа жалақысы 330 мың теңгені құрайды. Кәсіпорын өнімнің негізгі бөлігін елорда нарығына жеткізеді.
Қазіргі таңда агрофирмада ауданы 2,9 мың шаршы метр болатын сиыр сауатын жаңа алаң салынуда. Бұл сүт өндірісін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесуде екі фермер өз қажеттіліктері үшін инертті материалдарды сатып алудың қиындығы мәселесін көтерді, ол үшін арнайы рұқсат алу қажет. Оларды сатып алу тәртібін жеңілдету мүмкін бе деген сұрақ қызықтырды.
Серік Жұманғарин бұл мәселені келесі аптада өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдерінің қатысуымен өтетін кеңесте қарауды тапсырды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев