23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Аймақ басшысы Махамбет ауданында тасқын қаупі жоғары елді мекендерге барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ретте аймақ басшысы Серік Шәпкенов Талдыкөл, Сарайшық, Махамбет, Сарытоғай және Ақжайық ауылдық округтеріндегі бөгеттерді нығайту және оны күшейту жұмыстарын тексерді.
Облыс әкімі нөпір суды елді мекендерден қауіпсіз өткізу туралы тапсырма берді.
Осылайша республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолынан (72 км) су өткізу туралы шешім қабылданды.
Бұл бағытта қатынайтын ауыр жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылады. Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолы бойымен жүреді.
Өңір басшысы Серік Шәпкенов жұмыстармен танысқан соң аудан әкіміне бөгет бойындағы кезекшілікті күшейтіп, қажетті техникалармен, жанар-жағармаймен және азық-түлікпен қамтуды тапсырды.
Махамбет ауданында тасқынның алдын алу үшін салынған бөгеттерінің ұзындығы - 105,8 км.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік