Серік Күдебаевқа сот үкімі шықты

28 Сәуір 2023, 16:48 1025

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастысы Серік Күдебаевке үкім оқылды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Оған 10 жыл түрме жазасы кесілді. Күдебаев қаңтар оқиғасы кезінде өз халқына оқ атпағанын мәлімдеп, кінәсін мойындамады.

Бұған дейін  Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өзі оралғанын айтқан. Одан кейін Бас прокуратура ол ақпаратты жоққа шығарды.

 

Алмас Абылай
Бөлісу: