23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті деп айыпталып жатқан Серік Күдебаев құқық қорғау органдарымен процессуалдық келісімге келмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысының Кеген аудандық сотының мәліметінше, Серік Күдебаев тарапынан процессуалдық келісім жасау жөнінде өтініш түскен.
Осыған байланысты сот істі қарауды бір аптадан кейін, 18 шілдеде жалғастыратын болды.
Осы уақыт ішінде сотталушы мен оның қорғаушысы процессуалдық келісімнің жай-жапсарын талқылайды.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған болатын.
Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.
Ол биылғы 30 наурыз күнгі сот отырысына келмеді. Сондықтан оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шықты.
Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады