Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2021 жылғы санақ кезінде Қазақстанда Азамат есімді 63 мың ер адам және Аружан есімді 73 мың әйел тұрған. Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқының танымал есімдері мен тектері бойынша жарияланым шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарияланымдағы деректерге сәйкес, 10 реттен көп кездесетін 33 мыңнан астам есім және 100-ден астам рет кездесетін 29 мың тектің бары анықталды. Сондай-ақ, электронды кестеде қазақтардан кейін Қазақстанда көп деп саналатын орыс және өзбек ұлтының танымал есімдері мен тектері көрсетілген.
10 мыңнан астам рет 136 ер және 146 әйел есімдері кездеседі. Осылайша, ер адамдар арасында ең танымал есімдер Азамат (63 мың адам), Серік (53 мың адам), Марат (50 мың адам), әйелдерде – Аружан (73 мың адам), Мадина (59 мың адам), Динара (59 мың адам) болды.
Ерлер мен әйелдер арасында бір мезгілде танымал болған есімдер – Бақыт пен Сәулет. Ерлерге де, әйелдерге де тән есімдері бар адам саны – 585 мың.
Қазақ ер есімдеріне ең көп жалғанған сөздер – «бай», «бек», «жан», «хан» болды. «Бек» өткен ғасырда өте танымал болғанымен, 2000-шы жылдардан кейін бәсеңдей бастады. Бұл ретте құрамында «хан» сөзі бар есімдер соңғы 30 жыл бойы тұрақты түрде өсім көрсетіп келеді.
Әйел есімдерінде ең жиі кездесетін «гүл» сөзі 1950 жылдардан бастап 2000 жылдарға дейін өте танымал болған.
Электрондық кесте деректеріне сәйкес, қазақтардың қысқа есімдерді көбірек ұната бастағанын да байқауға болады. Бір қызығы, 70-80-ші жылдарды қоспағанда, ерлердің есімдері әйелдердікінен ұзағырақ болған.
Қазақстанда 10 000-нан астам рет 69 қазақ тегі кездеседі. Осылайша, қазақтың алғашқы тектер үштігіне Ахметов (56 мың), Серік (39 мың), Омаров (36 мың) кіріп отыр. Қазақтар арасында ов, ев, ин (ова, ева, ина) жалғауларына аяқталған тектер үлесі 64% құрайды. Алайда, әр жылы туғандардың тектерін талдасақ, аталған жалғаулары бар тектер үлесінің азаю динамикасын байқауға болады.
Сондай-ақ Қазақстанда атымен де, тегімен де аттас азаматтар саны аз емес. Осы ретте Серік Ахметов (415) пен Айзере Серік (517) деген есімі мен тегі бірдей адамдар ең көп.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?