Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБелгілі балуан Сергей Цырульников жаздың басты оқиғаларының бірі – Balkhash Tour Fest – 2026 халықаралық фестиваліне арнайы қатысу үшін Балқашқа келді. Танымал спортшы мұндай мәдени-туристік шаралардың маңыздылығын атап өтіп, фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше бағалады.
Қызметімнің арқасында әлемнің 80-нен астам елінде болдым. Шетелдерде осындай ауқымды іс-шараларға жиі қатысып тұрамын. Balkhash Tour Fest – тарихи маңызы мен мазмұны терең, өзіндік ерекшелігі бар ерекше фестиваль. Қазақстанда мұндай жобаларды жиі өткізу қажет деп есептеймін. Бұл – адамдардың бас қосып, жаңа байланыстар орнатып, тәжірибе алмасуына, сондай-ақ табиғатпен үйлесім тауып, Балқаш өңірінің туристік әлеуетін танып-білуге мүмкіндік беретін тамаша алаң. Мұнда сапалы және жақсы демалыс үшін барлық жағдай жасалған, – дейді қонақ.
Сергей Цырульниковтың айтуынша, ол Балқашқа фестивальдің арнайы елшісі – амбассадоры ретінде келген. Іс-шара аясындағы интерактивті шоу барысында ол қазақ тарихындағы әйгілі алып күш иелері – Қажымұқан, Балуан Шолақ және өзге де батырлардың ерлік өнерін көрермендер назарына ұсынады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?