7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Алмат Жүнісов елорданың видеофиксация жүйесінде орын алып отырған проблемаларды көтерді, деп хабарлайды El.kz.
– «Сергек» фото-видеофиксация аппараттық-бағдарлама кешенін құру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыру жол-көлік оқиғасымен байланысты өлім-жітімді, қоғамдық орындардағы қылмысты төмендетуге мүмкіндік берді. Бірақ, оны одан ары белсенді түрде жүзеге асыру қажеттілігі бар. Тұрғындардан елорданың тұрғын үй алаптарына камералар орнатуға қатысты өтініштер көптеп түсіп жатыр, – деді Алмат Жүнісов қалалық мәслихат отырысында.
Оның атуынша, түнгі уақытта жұмыс істеп тұратын камераларға қатысты проблема бар.
– Бұған қоса, камералар ең алдымен жолдардың қауіпті учаскелерінде, қиылыстарда, апат жиі орын алатын учаскелерде орнатылуы тиіс. «Сергек» жобасы бойынша қолданыстағы келісімшарт мерзімінің 2023 жылдың желтоқсанында аяқталатындығына байланысты құрал-жабдықтарға түгендеу жүргізу, олардың болжамды қызмет көрсету мерзімін белгілеу, жергілікті бюджетке алдағы уақытта қосымша жүктемеге жол бермеу мақсатында техникалық жай-күйін анықтау қажет. Сонымен қатар жобаның аяқталатындығын ескере отырып, жаңа жобаны оны кеңейту әрі жаңғырту мүмкіндігімен әзірлеу керек, – деді депутат.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?