6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСолтүстік Қазақстан облысының ТЖД өкілі Сергеев су қоймасындағы жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Департаменттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлевтің айтуынша, Сергеев су қоймасының толымдылығы 173% құрайды, осы сағатта су қоймасына аққан су – 382 см.
Бір апта бұрынғы көрсеткішке қарағанда бұл аз. Тарихи максимум 425 см болды, бірақ Петропавл қаласының 3 ауданын су басу қаупі сақталуда, - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Еріген қар сулары аса қауіп төндірмейді, қар жамылғысы - 10% дейін жетеді. Бірақ Есіл өзеніндегі су тасқыны аймаққа қауіп төндіріп тұр.
564 үй су астында қалды. 3421 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1054 бала. 44 адам үйлеріне оралды, оның ішінде 8 бала, - деді спикер.
Жалпы, 4593 адам және 853 бірлік техника, 476 мотопомпа және 110 жүзу құралы жұмылдырылды.
Қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп түйіндеді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі