23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Сербия астанасы Белградта он мыңдаған адам қатысқан ауқымды антиүкіметтік шеру өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Наразы топ президент Александр Вучичтің отставкасын және елде кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті.
Bloomberg агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 28 маусым күні кешке қарай жағдай шиеленісіп, тәртіп сақшылары светошумды граната мен көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды. Ал митингке шыққандар тас лақтырып, полициямен қақтығысқа түскен.
Сербия Ішкі істер министрі Ивица Дачичтің айтуынша, ондаған адам ұсталған, кемінде алты полиция қызметкері мен екі бейбіт тұрғын жарақат алған.
Полиция тәртіпті қалпына келтіреді және кез келген шабуылға тойтарыс береді, – деді министр.
Айта кетейік, Сербияда наразылық шерулері бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Билікке сенімсіздік танытқан оппозициялық топтар саяси реформалар мен әділ сайлау өткізуді талап етіп отыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік