30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАҚШ-та өтіп жатқан Masters сериясындағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық Елена Рыбакина белорус теннисшісі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:1, 6:4 есебімен ұтып, сенсация жасады. Бұл кездесуде Соболенко фаворит саналғанымен, Рыбакина сенімді өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Осы жеңістен кейін қос теннисші арасындағы жеке кездесулердегі есеп Соболенконың пайдасына 7:5 болды. Жартылай финалға шығу арқылы Рыбакина 206 мың доллар жүлде мен 390 рейтингілік ұпайға ие болды.
Турнир барысында ол мексикалық Рената Сарасуаны (70-орын), бельгиялық Элизе Мертенсті (22-орын) және америкалық Мэдисон Кизді (6-орын) ұтты.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші польшалық Ига Швентекпен кездеседі. Матч сенбі күні өтеді.
Айта кетейік, Цинциннати турнирінің жалпы жүлде қоры – 5 152 599 доллар. Жеңімпазға 752 275 доллар және 1000 рейтингілік ұпай бұйырады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды