22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2016 жылғы 12 ақпанда «Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоғамдық қоры «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауын жариялаған болатын. Байқау «El.kz» әлеуметтік жүйесі негізінде онлайн-форматында «Казконтент» АҚ-ның техникалық қолдауымен өтті. Үміткерлердің постерлері арнайы жасақталған sailau2016.el.kz сайтында жарияланды.
Байқауға барлығы 309 жұмыс қатысты. Ендігі кезек әділқазылардың еншісінде. 16 наурыз күні ең үздік жұмыстар іріктеліп, қорытындысы жарияланады. Жеңімпаз атанғандар марапатталады.
Байқауға қатысушылардың 44,7% мектеп оқушылары, ал 28,8% студенттер. Қатысушылардың негізгі бөлігі 25 жасқа дейінгі жастар. Бұл көрсеткіш жас буынның азаматтық ұстанымын анық көрсетіп отыр. Сонымен қатар, аға буын өкілдері де белсенділік танытты. Байқау жұмыстарының арасында суретшілер, дизайнерлер жіберген тіпті өрт сөндіру қызметі мен шахтерлердің де жұмысы бар. Еліміздің қалалары бойынша Павлодар мен Астана көш бастап отыр. Келіп түскен жұмыстардың 34% осы екі қалаға тиесілі.
Байқаудың басты мақсаты – қазақстандықтарды 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі және бүкіл деңгейлік маслихаттар депутаттарын сайлауға белсенді қатысуға шақыру.
Айсауле Нурлыбек
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев