7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?«Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоғамдық қоры «Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауын жариялады. Байқаудың басты мақсаты – қазақстандықтарды 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі және бүкіл деңгейлік маслихаттар депутаттарын сайлауға белсенді қатысуға шақыру.
«Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы «El.kz» әлеуметтік жүйесі негізінде онлайн-форматында «Казконтент» АҚ-ның техникалық қолдауымен өтеді. Әр қалаған қатысушы конкурсқа арнайы жасақталған sailau2016.el.kz сайтына кіріп, бәйгеге түсе алады. Сервисте байқауға өтініш беріп, өз материалдарын жүктеу мүмкіндігі бар. Ғаламтор қолданушылары үшін ұнатқан жұмысқа дауыстарын беру мүмкіндігі де қарастырылған. Ең көп дауыс жинаған постерлер, білікті және құзыретті қазылар алқасының төрелігіне тапсырылады.
Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттығына үміткерлерді үгіттеуге бағытталған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды. Іс-шара 12 ақпан мен 18 наурыз аралығында sailau2016.el.kz сервисі арқылы үш кезеңде өтетін болады:
2016 жылғы 12 ақпан мен 14 наурыз аралығы байқау жұмыстарын қабылдау кезеңі;
2016 жылғы 14-17 наурыз аралығы – қазылар алқасының байқау жұмыстарын қарастыру кезеңі;
18 наурыз – үміткерлер жұмыстарының қорытындысын жиынтықтау және марапаттау кезеңі.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?