12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСенат журналистер күніне орай дәстүрлі «Парасат» байқауына өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өтінімдер 10 маусымға дейін қабылданады. Нәтижесінде «Үздік телевизиялық материал», «Үздік радиоматериал», «Үздік баспасөз материалы», «Үздік интернет-басылым материалы», «Үздік әлеуметтік желідегі жазба» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады. Сондай-ақ елімізде болған оқиғаларды жүйелі түрде зерттеп, жан-жақты талдау жасағаны үшін арнайы «Үздік аналитикалық материал» номинациясы беріледі.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың мәліметінше, байқауға қатысушылардың арасынан үздіктерді арнайы құрылған конкурстық комиссия анықтайды.
Оның құрамында ұлттық журналистиканы өрге сүйреген белгілі медиа-менеджерлер, Сенат депутаттары – Нұртөре Жүсіп, Bibigul Zhexenbay, Айгуль Капбарова және басқа да әріптестер бар, - дейді Әшімбаев.
Жеңімпаздар дәстүр бойынша бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында марапатталады. Байқау шарттары туралы толық ақпаратты Сенаттың https://senate.parlam.kz/kk-KZ/contests/parasat сайтынан білуге болады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер