2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрСенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде – қалалар мен елді мекендердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инфрақұрылым мен жоспарлау мәселелері қаралды.
Отырысты аша отырып, Мәулен Әшімбаев 2024 жылғы Тұрақты даму индексінің деректеріне сәйкес, қалалар мен елді мекендердің тұрақтылығына қол жеткізу Қазақстан үшін ең өзекті сын-қатерлердің бірі болып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қала, шалғай және ауылдық елді мекендерде халық үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қалалар мен елді мекендерде заманауи әрі қолайлы инфрақұрылымды дамыту мәселесіне басымдық беріп отыр. Өткен жылы Президенттің бастамасымен 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар қабылданды. Бұл стратегиялық құжат еліміздің тұрақты инфрақұрылымдық қаңқасын қалыптастыруға бағытталған. Ол энергетика, сумен жабдықтау, көлік және цифрлық байланыс сияқты негізгі салаларды қамтиды. Халықаралық ұйымдардың деректері инфрақұрылымға салынған инвестициялар тұрақты даму мақсаттарының 90 пайыздан астамына қол жеткізудің негізгі факторы екенін көрсетіп отыр. Бұл бүгін қаралып отырған мәселе мен тұрақты даму саласындағы басқа да мақсаттарға қол жеткізу арасындағы ажырағысыз байланысты тағы да айқындай түседі, – деді өз сөзінде Сенат Төрағасы.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова