23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеуге қатысты заңдарды талқылады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Қоғамдық бақылау туралы» заң азаматтардың қоғамдық бақылау арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Құжатта қоғамдық бақылау нысаны мен субъектісі туралы ұғым беріліп отыр. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын, қызметі қоғамдық мүдделерге байланысты мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, дербес білім беру ұйымдары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар қоғамдық бақылау объектілері болып табылады. Заңнамада қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығы немесе өкілеттігі берілген Қазақстан Республикасының азаматтары, коммерциялық емес ұйымдар және өзге де субъектілер қоғамдық бақылау субъектілері болып белгіленген.
Сенаторлар сонымен қатар осы заңға ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды да талқылады.
Сенаторлардың айтуынша, заңдарды қабылдау Қазақстанның жалпыұлттық басымдықтары аясында орындалатын жобаларды сапалы іске асыруды, қоғамдық пікірді, объектілер қызметінің ашықтығы мен айқындығын ескеруді қамтамасыз етуге көмектеседі.
Талқылау қорытындысы бойынша комитет мүшелері заңдарды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады