12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар балаларға Ұлттық қордан қаржы есептеу, оларды төлеу және пайдалану мәселелеріне қатысты заңды талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенаторлардың айтуынша, заң Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу қажеттігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Ол Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ы балалардың арнайы жинақ шотына 18 жасқа толғанға дейін аударуды көздейді және оны мерзімінен бұрын алу құқығы берілмейді.
Құжат ел азаматтарының жас буынын кәмелетке толған кезде олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе жинақ есебінен білім алуға мүмкіндік беру арқылы қолдауға бағытталған.
Қаражат сонымен қатар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы және тұрғын үй құрылысы жинағы саласындағы заңнаманың немесе тұрғын үй сатып алу туралы шарттың талаптарын сақтай отырып пайдаланылуы тиіс.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер