Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрСенат отырысында «ҚР аумақтық қорғанысы туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары талқыланды, деп хабарлайды El.kz порталы.
Отырыс барысында заң жобаларының негізгі мақсаты аумақтық қорғаныс жүйесін құқықтық реттеу және мемлекеттік саясаттың заңдық негіздерін қамтамасыз ету екені атап өтілді. Заңдар жұмылдыру дайындығын арттыруға, төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аумақтық қорғаныс күштерінің тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Негізгі заң аумақтық қорғаныстың мақсаттары, міндеттері мен принциптерін анықтап, оны мемлекеттің қорғаныс жүйесінде жеке сала ретінде қарастырады. Заңда аумақтық қорғаныс күштерінің құрамы мен қызметі – құқық қорғау органдары, қарулы күштер, аумақтық әскерлер, арнайы құрылымдар және өзін-өзі қорғау күштері толық қамтылған.
Сонымен қатар, заңда аумақтық қорғаныс саласын қаржыландыру мәселелері, жұмылдыру және әскери жағдай кезеңінде халық пен объектілерді қорғау, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздік шараларына қатысуы туралы нақты нормалар бекітілген. Жаңа заңға «ерікті» және «өзін-өзі қорғауды қалыптастыру» сияқты жаңа терминдер енгізіліп, мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
Заң жобаларын талқылау барысында олардың еліміздің әскери қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқаратыны және мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылын құқықтық тұрғыда қамтамасыз ететіні айтылды.
Сенат мүшелері заң жобаларының бірінші оқылымда мақұлдануын қолдап, олардың еліміздің әскери-әлеуметтік дамуындағы маңыздылығын атап өтті.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова