23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСенаторлар Ұлттық қор қаржысын ұтымды және тиімді пайдалану мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Ұлттық Банктің, ұлттық экономика, қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім, әділет министрліктерінің, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдерімен кездесті.
Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов Парламент Сенатында Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды одан әрі арттыру және Қордың инвестициялық кіріс көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу мәселелері тұрақты түрде талқыланып келе жатқанын атап өтті.
Бүгінгі таңда экономикалық бағыттағы жаңа басымдықтардың бірі – ұлттық табысты әділ бөлу болып табылады. Мұнда әрбір отбасы еліміздің байлығын пайдаланудан нақты пайда табуы тиіс. Осыған орай еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарияланған Балалар жылы аясында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың үрдісіне сай және «Әділетті Қазақстан» идеясымен үндесетін «Ұлттық қор – балаларға» жаңа негіздегі бағдарлама түріндегі аса маңызды әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруды тапсырды, - деді Сұлтанбек Мәкежанов.
Кездесуге қатысушылар Ұлттық қор қаржысын пайдалану жөніндегі істердің ағымдағы жай-күйін талқылады және оларды пайдаланудың жаңа тәсілдерімен де танысты. Сондай-ақ еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту және болашақ ұрпақ үшін қаржы жинақтау мәселелерін талқылады.
Сенаторлар кездесу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі заң шығару қызметінде көрініс табатыны айтылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады