Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПарламент Сенатының депутаттары Сергей Карплюк пен Алтынбек Нухұлы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы комиссиясының отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сергей Карплюк ТМД ПАА Бақылау-бюджеттік комиссиясының отырысында 2022 жылғы қаржы міндеттемесін орындау, 2023 жылға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі кірістер мен шығыстар есеп-қисабын түзету мәселелерін әріптестерімен бірге қарады.
Сенатор Алтынбек Нухұлы ТМД ПАА Ғылым және білім жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы», «Ағартушылық қызмет туралы» және «Ересектерге білім беру туралы» үлгі заңдардың құқықтық мәселелерін басқа елдердің парламентшілерімен бірге талқылады. Кездесуге қатысушылар жасанды интеллектіні пайдалануды нормативтік реттеу, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен жаңалықтардың нәтижелілігін бағалаудың халықаралық жүйесі – ғылыми журналдардың академиялық рейтингі мәселелерін де қарады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек