12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Виорел Гуцу бастаған БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғары палата депутаттарының арасында Әли Бектаев, Закиржан Кузиев және Арман Өтеғұлов сынды тұлғалар болған.
Онда азық-түлік қауіпсіздігі, топырақты қорғау және ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту саласындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды.
Біздің ынтымақтастығымыз топырақты қорғау мен биоалуандықты сақтаудан бастап фермерлік шаруашылықты қолдау және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға дейінгі көптеген мәселелерді қамтиды. Біз ауыл шаруашылығын дамытуға, табиғи ресурстарды сақтауға және қазіргі климат қиындығына бейімделуге көмектесетін тиімді шешімдер әзірлеуге тырысамыз. Біз ФАО-ның сараптамалық көмегін бағалаймыз және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға бағытталған әріптестікті одан әрі нығайтуға үміттенеміз, - деп атап өтті комитет төрағасы Әли Бектаев.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер