2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрСенатор Ғұмар Дүйсембаев қазақстандық зергерлердің жұмысын қиындатып отырған кедергілер туралы еліміздің Премьер-Министріне жолдаған сауалында айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың айтуынша, Қазақстан алтын өндіру бойынша әлемнің ТОП-20 елінің қатарына кіреді. Бірақ зергерлік отандық өндіріске алтынның негізгі жеткізушілері – ломбардтар мен көлеңкелі нарық қатысушылары болып табылады.
Сенатор еліміздің зергерлік өнеркәсібін дамытуға, яғни жаңа жұмыс орындарын ашуға және бюджет түсімдерінің өсуіне бағытталған бірқатар ұсыныстар айтты.
Ресми статистикаға сәйкес, 2021 жылы елдің зергерлік бұйымдар нарығы 76 млн $ құрады, оның тек 4 млн $, яғни 5%-ы ғана отандық зергерлік бұйым құрайды.
«Осы орайда жұмысты көлеңкелі импортқа қарсы күресті күшейту және контрабанданы шектеу, қаржылық және қаржылық емес ынталандыру шараларын енгізу арқылы қазақстандық зергерлік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ломбардтардың пайдалануда болған зергерлік бұйымдарды тек қана ішкі нарыққа өткізуін міндеттеу, отандық зергерлердің құзыретін күшейтуді ұсынамын», - деді депутат.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова