12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских Сенаттағы брифинг барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың дамуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 1,71 млрд АҚШ долларын құрады.
Бұл – айтарлықтай ірі сома. Сонымен қатар, Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт көлемі 9,6 пайызға артып, 1,3 млрд АҚШ долларына жетті. Ал Қырғызстаннан Қазақстанға әкелінген тауар көлемі 9 ай ішінде 4,08 млн АҚШ долларын құрады, – деді сенатор.
Оның айтуынша, екі ел арасындағы сауда қатынастары жылдан-жылға нығайып келеді. Бұған қосымша, саяси тұрғыдан алғанда да Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы байланыстар тұрақты, өзара тиімді және маңызды сипатқа ие.
Айта кетейік, бұған дейін Cенат Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестициядық келісімді мақұлдағаны жайлы жазған едік.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер