Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСенат депутаты Серік Өтешов халықтың табысын арттыруға арналған бағдарламаның жұмысы сезілмейтінін, салдарынан халықтың өмір сүру сапасы төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылы халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасы бекітілді. 2023 жылдың наурыз айында бұл бағдарлама жаңартылып, 2029 жылға дейін қарастырылған болатын.
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2022 жылы халықтың нақты ақшалай кіріс индексі 2,8% құрады, ол 2020-2021 жылдардағы көрсеткіштерден төмен. Орташа айлық жалақы 338,7 мың теңгеге дейін өсті, бірақ былтыр инфляцияның өсуі бұл өсімді жоққа шығарды. Табысы төмен үй шаруашылықтарының статистикасы елдегі кедейліктің артқанын көрсетеді. Сонымен бірге Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандар арасында өзін-өзі «кедей» деп бағалау 2022 жылдың қыркүйегінде 25% дейін өскен, ал 2020 жылдың желтоқсанында ол 14% тең болған, - деді сенатор.
Бүгінде азық-түлік шығынының үлесі өсуде, өткен жылы бұл көрсеткіш 50,8% құрады. Ол халықтың қаражатын басқа салаларға жұмсауға мүмкіндіктерінің аз екенін көрсетіп отырғанын айтты.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік трансферттер еңбек кірістерінің 31% құрайды, бұл халықтың мемлекеттің әлеуметтік қолдауына тәуелділігінің жоғары деңгейін көрсетеді. Осылайша номиналды кірістердің оң динамикасына қарамастан, іс жүзінде олардың өсуі сезілмейді және халықтың өмір сүру сапасы төмендеуде, - деді Серік Өтешов.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары