23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенатор басқа елдердің парламентшілерімен бірге әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық салалардың мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, трансшекаралық білім беруді дамытуға және еңбек нарығының талаптарына сәйкес кадрлар даярлауға қатысты мәселелер көтерілді.
«Біз академиялық ұтқырлықты дамытып, студенттер арасындағы мәдениетаралық диалогқа жағдай жасауымыз керек. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру қажет. Мемлекет басшысы осы орайда түркі елдері университеттерінің ортақ желісін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын. Бұл бастама студенттерімізге түркі тілдерін үйренуге және бауырлас елдердің өмірімен танысуға мүмкіндік береді», - деді Бибігүл Жексенбай.
Депутат Парламенттік ассамблея түркі тілдес елдер арасындағы мәдени-рухани және гуманитарлық салалардағы қатынастарды саралауға және дамытуға, түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын күшейтуге ықпал ететінін де атап өтті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады