23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерСенаттың жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы таныстырылды.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын 2022 жылғы 27 маусымдағы комитеттің кеңейтілген отырысында заң жобасын әзірлеушілердің, Сенат Аппараты қызметкерлерінің қатысуымен қарап, мыналарды атап көрсетеді, - деді Қанатбек Сафинов.
Ол атағандай, заң жобасының мақсаты азаматтарды қаржылық пирамидалардың қызметін жарнамалауға байланысты құқық бұзушылық субъектілерінің іс-әрекеттерінен қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру.
Заң жобасының негізгі міндеті қылмыстық іс-әрекеттің әкімшілік құқық бұзушылықтан аражігін ажырату.Заң жобасын қабылдау азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға, құқық бұзушылардың, атап айтқанда, қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалауға байланысты іс-әрекеттерін неғұрлым нақты саралауға мүмкіндік береді.Сенаттың тұрақты комитеттерінен заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ, - деді ол. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Сенат Регламентінің 58-тармағын басшылыққа ала отырып, Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынды.
Депутаттар заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. Ол екінші оқылымда қаралады.
23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?