12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСенаттың жалпы отырысында жоғары палата депутаттары «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мәжіліске қайтарып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенатор Сұлтанбек Мәкежановтің айтуынша, Сенат комитеттері мен депутаттарының барлық ескертуі мен ұсынысы салыстырма кестеге жинақталды.
«2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңын Сенат отырысының қарауына енгізеді және Конституцияның 61-бабының 4-тармағына сәйкес заңның жекелеген баптарын мақұлдамауды және заңның көрсетілген баптарының жаңа редакциясын ұсына отырып, оны Мәжіліске қайтаруды ұсынады,- деді Мәкежанов.
Бірақ, сенаторлар «Ұлттық қордан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын мақұлдады.
2025 жылы шығыстарды ұлғайту бойынша ұсыныстарға 60,0 млрд теңге сомасына қолдау көрсетілді.Шығыстарды ұлғайту үкімет резервін қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер