23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПарламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Астананың 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы жоғары палата төрағасы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жариялады.
Құрметті достар! Баршаңызды Астананың 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Елордамыз осы жылдардың ішінде қарқынды дамып, өзінің мәртебесіне сай еңселі орталыққа айналды. Ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді бекемдеуге зор ықпалын тигізді. Астананың Арқа төріне көшуі еліміз үшін өте қиын кезеңдерде іске асқаны белгілі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кеше ғана өткен Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында «бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім болғанын» айрықша атап өтті. Шын мәнінде, жаңа астана өзі ғана өркендеп қоймай, тұтас елдің ілгері жылжуына тың серпін берді. Астанамыз ширек ғасырдың ішінде жан-жақты дамыды. Осылайша ол әкімшілік орталық қана емес, мәдени-рухани салмағы басым іргелі шаһарға айналды. Сондықтан, Астананың мерейтойы – тұтас ұлтымыздың мерейі деп сенімді түрде айта аламыз. Баршаңызды осы мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық және әр отбасына ырыс пен ынтымақ тілеймін! Елдігіміз мәңгі, ертеңіміз баянды болсын! Қаламыз өсіп-өркендей берсін! Астана күні құтты болсын, - деп жазды Мәулет Сағатханұлы.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады