6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАбай облысында ІІ «Senat Open Cup – 2025» республикалық ашық шахмат кубогының жартылай финалы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Додаға Астана қаласы, Абай, Қарағанды, Ұлытау облыстарынан іріктеу турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша үздік деп танылған 120 шахматшы қатысты. Ойыншылар қатарында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері бар.
Облыс әкімдігі жартылай финал қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 38 шахматшыға тамыз айында Астана қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама берілгенін атап өтті. Сондай-ақ, жекелеген номинациялар бойынша үздіктер марапатталды. Ал, командалық есеп бойынша озық шыққан Астана қаласының командасына арнайы “Айрықша күміс белгі” табысталды.
Айта кетсек, кубок Парламенті Сенаты мен Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.
«Senat Open Cup – 2025» республикалық жобасы – шахмат ойынын кеңінен насихаттауға және халықтың интеллектуалдық ойлау жүйесін дамытуға бағытталған шара.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі