1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіСенат отырысында бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы заң талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарастырылып отырған заңның негізгі мақсаты келісім тараптарының сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту, тауар номенклатурасының кең бөлігіне қатысты бажсыз сауда режимін қамтамасыз ету болып есептеледі.
Сенатор Бауыржан Қаниевтің сөзінше, бүгінгі таңда елдер арасында тауарлардың шектеулі тізбесіне сауданың преференциялық режимі қолданылады.
Қарастырылып отырған келісім тауар номенклатурасының кең бөлігіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы – тиісінше 87-88% бажсыз сауда режимін қамтамасыз етеді. Келісім шеңберінде Иран көптеген тауарлар бойынша баждарды алып тастауға және негізсіз тыйымдарды қолданбауға міндеттеме алады. Осылайша, келісім сауда-саттықтың болжамды режимін және біздің тауарларымызды кемсітпеу кепілдігін қамтамасыз етеді, - деп атап өтті сенатор.
Сонымен қатар, аса сезімтал тауарлар үшін еркін сауда режимінен алып қою сақталады. Келісім ішкі нарықты қорғау шараларын, техникалық кедергілерді, санитарлық және фитосанитарлық шараларды, тауарлардың шығу тегін анықтау ережелерін, кедендік ынтымақтастықты және сауда рәсімдерін жеңілдетуді, дауларды шешуді реттейді.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?