23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар бірқатар заң қабылдады, Сенат регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді және депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында еліміздің институционалдық негізін нығайту үшін Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыру міндетін жүктегені белгілі Соған байланысты Конституцияға және Парламенттің жалпы регламентіне өзгерістер енгізілді. Осыған орай Палата отырысының күн тәртібінде Сенат регламентіне тиісті толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.
Сонымен қатар сенаторлар «Агломерацияларды дамыту туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қарап, қабылдады. Бұл заңдар агломерацияларды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, институционалдық орта қалыптастыруға арналған.
Жаңа нормалардың маңызына тоқталған Сенат Төрағасы бұл заңдар Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмасына сәйкес қабылданып отырғанын атап өтті.
«Осы заң арқылы елдімекендерді агломерацияға жатқызудың өлшемшарттары, Үкіметтің, уәкілетті және жергілікті органдардың өкілеттіктері бекітіледі. Сондай-ақ бес жылдық кезеңге әзірленетін агломерацияларды дамытудың кешенді жоспары қабылданады. Жаңа нормалар халықты қоныстандыру және өндірістік күштерді орналастыру жүйесін жетілдіруге, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды тиімді пайдалануға оң әсерін тигізеді. Мұның бәрі агломерацияға жататын елдімекендерде өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Отырыс барысында сенаторлар «Өсімдіктер дүниесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қабылдады. Бұл құжаттар өсімдіктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Сондай-ақ Палата отырысында сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.
Дүйсенғазы Мусин еліміздің балық шаруашылығы қорының жай-күйіне алаңдаушылық білдіріп, Каспий итбалығының популяциясын сақтау және саланың басқа да өзекті мәселелерін шешу жөніндегі шараларды ұсынды.
Айгүл Қапбарова орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасының нашар жабдықталуына назар аударды. Мұндай жағдай орманшыларға өртпен тиімді күресуге айтарлықтай кедергі келтіреді. Депутат орманшылардың жалақысы төмен екенін де тілге тиек етіп, оны екі есеге өсіру қажет екенін айтты.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады