30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТанымал мобилограф Қыран Талапбек пен жары Гүлзада Тұрлаш «Мархабат» бағдарламасында таныстықтары жайлы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қыран Талапбек алғаш рет болашақ жарын анасымен мейрамханада тамақтанып отырған кезінде көріп, ұнатып қалған.
Анам екеуміз мейрамханада кешкі ас ішіп отырған едік. Сол жерде Қыран басқа адамдармен кездесу өткізеді. Мені көрсе де аяқ киімі онша емес болғандықтан, келіп таныспады, - деді Гүлзада Тұрлаш.
Оқи отырыңыз:
Мобилограф сол кезде күннің суығынан үйдегі ескі аяқ киімін киіп шыққанын айтады.
Үйдегі ескі бәтеңкемді кие салғанмын ғой. Мен үшін аяқ киімнің таза болуы өте маңызды, - дейді ол.
Мейрамханада таныса алмаған Қыран Талапбек Гүлзаданың нөмірін даяшыдан алып, оған хабарлама жазып жібереді.
Гүлзада «маған қандай ниетпен жазып тұрсың?» деп жауап береді ғой. Мен ренжиссер екенімді айтып, түсірілімге шақырдым, - дейді мобилограф.
Осылайша Қыран мен Гүлзада 6 ай дос ретінде араласып, кейіннен жұпқа айналады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды