Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСемейде болған төтенше жағдай кезінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің сержанты Қайрат Әділханов ерлік танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
22 тамыз күні 14-шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққан. Түтінді байқап қалған әскери қызметші еш ойланбастан әрекетке көшкен.
Пәтер есігі жабық болғандықтан, ол төртінші қабаттағы балконнан төмен түсіп, үшінші қабаттағы өртеніп жатқан пәтерге кірген.
Сержант жалынның ортасынан газ баллонын шығарып үлгерді. Егер ол жарылған жағдайда, қайғылы жағдайдың болары анық еді. Қ.Әділхановтың жедел қимылының арқасында жарылыс болған жоқ және тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.
Осындай кезде ең маңыздысы – адамдардың амандығы. Менің орнымда болса, кез келген жауынгер осылай істер еді, — деді әскери қызметші.
Оқиға орнында қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?