7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Семейлік өнерпаздар Беларусь республикасының астанасы Минск қаласында концерт берді. Шара Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшілігінің атсалысуымен жүзеге асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Концертте Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әртістері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор Айбек Бекбосынов, мәдениет саласының үздігі Нұрбек Өмірбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова және «Дала Сазы» этно- фольклорлық ансамблінің өнері көрерменді тәнті етті.
абай облысы әкімдігінің мәліметінше, шара қазақ өнері мен мәдениетін насихаттау, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған.
Беларусь еліндегі қазақ диаспорасының өкілдері, өнер зерттеушілері, музыканттар мен қала тұрғындары алдында «Дала Сазы» этно- фольклорлық ансамблі қазақтың халық әндері мен күйлерін орындады.
Көрермендер концерт арқылы қазақ халқының ұлттық өнерімен жақынырақ танысып, ризашылықтарын білдірді. Бұдан өзге семейлік өнерпаздар шығармашылық сапар аясында Беларусь мемлекеттік музыка академиясының студенттеріне шеберлік сағатын өткізді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?