Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Семейде 62 жастағы әйел кісі алты жыл бойы жеңгетайлықпен айналысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаладағы сауналардың бірінде притон ұйымдастырған әйел әрбір тапсырыстан 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ақша алған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында притонды әшкереледі.
Жеңгетай мен қызмет көрсетуші 9 қыз полиция бөліміне жеткізілді. Ресми мәлімет бойынша, қыздардың үшеуі – Қазақстан азаматы, алтауы – Өзбекстан азаматы.
Әйел кісіге қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігі «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру немесе ұстау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, зейнеткер 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Қазір ол Абай ауданы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация есебінде тұр.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік