13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызСемейде «Елімай» футбол клубының таныстырылымы болды. Шара барысында көпшілікке команданың негізгі және жастар құрамалары мен бапкерлік штаб мүшелері ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Облыстық әкімдік мәліметінше, клуб құрамында алғаш рет қыздар командасы құрылды.
Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, команданы жаңа маусымның басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Президентіміздің Жарлығымен қайта құрылған облысымызда қайта жаңғырған «Елімай» Бірінші лиганы бір де бір жеңіліссіз өткізіп, Премьер-лигаға көтеріліп, қазір мықты ұжымдар санатында келеді. Биылғы басты жаңалығымыз – қыздар командасының құрылуы. Олар да «Қайрат» командасын сырт алаңда жеңіп, сенсация жасады. Біз сіздерді әрдайым қолдаймыз, сіздермен біргеміз! Команданың басынан небір жайсыз жылдар өткенде де жанкүйерлеріңіз сіздерге адалдық танытты. Қуанышты сәттерде ғана емес, қиын кезеңдерде де бірге болу деген осы, – деді аймақ басшысы.
«Елімай» футбол клубының өкілдері аймақ басшысына естелікке жаңа жейде сыйға тартты.
Команда Қазақстан премьер-лигасының 4-туры аясында талдықорғандық «Жетісуді» қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жергілікті құрама турнирлік кестеде 13 ұпаймен 3-орында келеді. Жерлестеріміз 4 мамырда «Спартак» стадионында «Оқжетпес» командасымен кездеседі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды