6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСемейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған нәресте өліміне қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Елдос Закимовтің айтуынша, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел іздестіру барысында бейнежазбаларды тексеру, куәгерлерді анықтау жұмыстары атқарылуда.
Қылмыстық іс басшылықтың ерекше бақылауында.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен дүниеге келгеніне бір күн болған шақалақ табылғаны туралы жаздық. Нәресте шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда денесінің 80 пайызын күйік шалған сәби қайтыс болды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі